Кеше елордада физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мың оқушысы бір мезетте бірнеше күй орындады. Іс-шара оқу жылының соңында «Ең ауқымды домбыра сабағы» атауымен Гиннесс рекордтар кітабына енді. Сабақты қосымша білім беру педагогы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған өткізді. Оқушылар «Сарыарқа», «Балбырауын», «Еркем-ай», «Кеңес», «Жастар биі» сынды танымал күйлердің шығу тарихын баяндап, аталған туындыларды […]