Оралда қантқа таласқан жұрттың көрінісі әлеуметтік желі арқылы тарап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тұрғындардың айтуынша, оқиға 28 мамыр күні таңертең Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы көшесінде орналасқан «Алтындар» супермаркетінде болды. Олардың сөзіне қарағанда, аталған супермаркетте мұндай жағдай күн сайын қайталанып отырады. БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Жұмагелді Батырниязовтың түсіндіруінше, «Алтындарда» қанттың әр килосы 370 теңгеден […]