Оралда жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті. Бұл туралы ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Оқиға Желаев-Орал өткелінің 126-шақырымында болды. Ер адам оқиға орнында сол бойда көз жұмды. «28 мамыр күні аталған дерек бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінде ҚК 344-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) […]