Павлодар облысы Ертіс ауданында уланып қалған төрт адам қайтыс болды. Екі адам ауыр халде ауруханада жатыр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, белгісіз затпен улану фактісі бойынша жеті өтініш тіркелген. – Үшеуі үйде қайтыс болды. Төртеуі Ертіс аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жүгінген, ол жерде тағы бірі қайтыс болды. Екеуі өте ауыр жағдайда өкпені […]