Қызылорда облысында жұмыс сапарымен жүрген «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповских Жалағаш ауданындағы жетекші шаруашылықтардың бірі «Таң LTD» ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесті. Алдымен шарушылық жұмысымен танысқан халық қалаулылары еңбек ұжымына референдумның маңыздылығы сондай-ақ, еліміздің Негізгі Заңына енгізілетін түзетулер мен толықтырулар туралы түсіндірді. «Өңірдің барлық аудандарында болып, түрлі […]