– Қазір Конституциялық кеңес үлкен өзгерістер топтамасын қарастырып жатыр. Елдің Ата заңына отызға жуық түзету енгізіледі. Олар саяси жүйеден бастап, елдің құрылымын өзгертуге дейінгі маңызды мәселелерді қамтиды. Бұл реформа азаматтарымыздың өмірін жақсартып, әр адамның бақытты болашағын қалыптастыруға бағытталған. Біз өзіміз үшін ғана емес, ұрпағымыз үшін шаңырағы биік, керегесі кең, табалдырығы берік Жаңа Қазақстанды құруға дайынбыз. […]