Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық қоғамдық қолдау штабының мүшелері референдумның мән-мазмұнын түсіндіру мақсатында елордалық зиялы қауым өкілдерімен және мәдениет ұйымдарының қызметкерлерімен кездесуі өткізді. Республикалық қоғамдық қолдау штабы «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төребек Мұқашевтің бастамасымен құрылған. Штаб референдумды халық арасында түсіндіру бойынша мәслихат жұмыстарын белсенді жүргізуге атсалысады. «Ел тарихындағы елеулі оқиғаға екі аптадай уақыт […]