Семей қаласында зейнеткердің 10 млн теңге тұратын үйін өз атына аударып алған алаяқ ұсталды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 68 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Өз сөзінде ол туысының үйге тіркеуге тұру үшін сенімхат жасаймын деп алдап, үйін атына аударып алғанын жеткізді. «Осының салдарынан жәбірленушіге келтірілген материалдық залал мөлшері 10 000 […]