Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ЕҚЫҰ ПА-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Пиа Каумамен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Парламенті Сенаты мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері мен перспективаларын талқылады. «Парламенттік Ассамблеяның ЕҚЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселелерді шешуге нақты мүмкіндігі бар. Қазақстан […]