Сенат депутаттары еліміздің аймақтарына аттанып, Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі алдағы референдумның маңызы және Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің мән-жайы туралы халыққа түсіндірді. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің жеке құрамымен кездесті. Сенатор әскери мекеменің тыңдаушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамына Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі алдағы референдум туралы […]