Шымкентте көпбалалы әрі ерекше бала тәрбиелеп отырған бір топ ана бүгін қалалық әкімдікке келіп шу шығарды. Олар пәтер кезегін жылдар бойы күтудеміз, бірақ кезек мүлдем жылжымайды дейді. Бұл туралы Астана арнасы хабарлады. Жиналғандардың айтуынша, үй кезегін күтіп жүргендердің кейбіріне 10 жыл болған. Көшіп-қонып шаршадық дейді олар. Науқас баламен пәтерден пәтерге ауысу тіпті оңай емес екенін айтады. […]