Мұнай-газ құбырынан газ бен мұнай ұрлады деген айыпталушы Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кеткен. Күдікті бүгін тергеу изоляторынан қашып кеткен. Қазіргі уақытта айыпталушыны іздеу және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. «Аталған дерек бойынша Шымкент қаласының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабы «Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. […]