«Қазгидромет» синоптиктері бірнеше өңірде ескерту жариялады. Нұр-Сұлтанда күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақмола облысының түнде шығысында, күндіз батысында найзағай жарқылдап, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз оңтүстікте, солтүстік-шығыста […]