Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы тергеуге қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Өткен жылдың 11 желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары Хаменованың ұсталғаны хабарланған болатын. Ол 22 желтоқсанда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алайда, содан бері тергеу туралы ештеңе белгісіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл іс әлі тексеріліп жатқанын хабарлады. […]