Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» конституциялық заң жобасына Сенат енгізген толықтырулармен келісті. Отырыста Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов Сенат толықтырған түзету «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңның 3-бабы 2)-тармақшасын жаңа редакцияда ұсынып отырғанын атап өтті. […]