Түркістан облысында жалған есепке алу-бақылау таңбаларын қолдана отырып, контрафактілік алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цехтар анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-каналы жазды. Суррогат алкоголь өнімінің негізгі бөлігі көбінесе антисанитариялық жағдайда, астыртын цехтарда қолдан жасалған. Халықтың өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті. Түркістан облысы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері жалған есепке алу-бақылау таңбаларын пайдалана отырып, алкоголь өнімін […]