Түркістан облысында тасқыннан зардап шеккен ауылдар балшықтан әлі арыла алмай жатыр. Облыс әкімі арнайы тапсырма беріп, «техника мен адам күші жеткілікті» дегенімен, аулалар мен қора-қопсыны лайдан тазалауға мемлекеттік қызметкерлер тартылыпты, – деп хабарлайды КТК арнасы. Техниканы ауыл әкімдері демеушілер есебінен өзі ұйымдастыруға мәжбүр. «Өлген малдың саны әдейі азайтылып есептеліп жатыр», – дейді тұрғындар. Тасқыннан зардап […]