Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясы саяси доданың нәтижесін жариялады. 2 кандидат дауысқа түсті. Сайлаушылар тізіміне 527 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 425 адам немесе 80,65 проценті дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша, Закиржан Пірмухамедұлы Кузиевке 259 дауыс немесе бүкіл дауыстың 60,94 проценті берілді, Виталий Ионо Тварионасқа – […]