Бас прокуратура Қазақстанның футбол федерациясы мен бірнеше футбол клубтарына тексеріс жүргізіп, басқарудағы тиімсіздік пен 3 миллиард теңге қаржылық заңбұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Бас прокуратура футбол саласында негізсіз сыйақылар төлеу, инфрақұрылым объектілерін салу кезінде қаражатты мақсатсыз пайдалану, спортшылармен күмәнді келісімдер және спортшыларды тамақтандыруға бөлінген қаржыны жымқыру фактілерін анықтады. Федерацияның бұрынғы басшылығы жекелеген қызметкерлер мен спортшыларға 300 миллион теңгеден астам негізсіз сыйақы төлеген. Федерацияның әкімшілік ғимараты мен Талғардағы жаттығу базасын салу барысында іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға 350 миллион теңгеден аса төлем жасалған. 2021 жылы басталған Алматы облысындағы база құрылысы тоқтап тұр, ал мердігердің шоттары бұғатталған. “135 миллион теңге стратегиялық […]The post «300 миллион теңгеден сыйақы тағайындаған»: Бас прокуратура футбол федерациясында қаржыны қалай жымқырғанын айтып берді appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.

«300 миллион теңгеден сыйақы тағайындаған»: Бас прокуратура футбол федерациясында қаржыны қалай жымқырғанын айтып берді

