Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ескертуін елемеген Алматы халықаралық әуежайына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. — Бізге кәсіпкерлерден Алматы халықаралық әуежайының бәсекелестікті шектеуіне қатысты шағымдар түсті. Әуежай аумағында қызмет көрсететін жеткізушілерді таңдау процесінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды. Анықталған фактілер бойынша агенттік ескерту шығарды, алайда ол орындалмады, — деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов Сенат қабырғасында өткен іс-шара барысында. Оның айтуынша, қазір әуежайға қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр. Айта кетсек, Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Сенатта «Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияны дамыту» тақырыбына […]The post Алматы халықаралық әуежайына кәсіпкерлерден шағым түсті: тергеу жүріп жатыр appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.

Алматы халықаралық әуежайына кәсіпкерлерден шағым түсті: тергеу жүріп жатыр



Жаңалықтар
