Қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстарынан кейін Үлкен концерт залын Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев барып көрді. Қала басшысының тапсырмасымен алғаш рет 42 жыл ішінде қолға алынған жаңғырту жұмыстары 2024 жылдың қыркүйегінен бастап биылғы наурыз айына дейін жалғасты. Бұл ретте, Үлкен концерт залының тарихи келбеті мен түпнұсқалық акустикалық дизайны толық сақталды. Көрермен залының үстінде аспалы шамдардан тұратын ерекше дыбыс толқындарын басқару жүйесі бар. Айта кетейік, Оқушылар сарайының бір бөлігі саналатын Үлкен концерт залы жергілікті маңызы бар мемлекеттік тарихи ескерткіш. Ол 1983 жылдан бері жұмыс істеп келеді және балалар мен жасөспірімдерге арналған мәдени-танымдық іс-шаралар өткізетін ең ірі алаңның бірі ретінде танымал. Концерт […]The post Алматыда әкімнің тапсырмасымен Оқушылар сарайының Үлкен концерт залына алғаш рет ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.

Алматыда әкімнің тапсырмасымен Оқушылар сарайының Үлкен концерт залына алғаш рет ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді
Жаңалықтар






































