Құқық бұзушыға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды Пхукет-Алматы рейсінің бортында мас жолаушы дәрет сындырды, деп хабарлайды Kznews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Ұшақ қонған кезде желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушыны ұстады. «Көлік полицейлері мас күйінде өз орнында отырып дәрет сындырған адам 42 жастағы Ресей Федерациясының азаматы екенін анықтады», — делінген ведомство хабарламасында. Құқық бұзушыға алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.The post Алматыға ұшқан рейстің жолаушысы өз орнында отырып дәрет сындырды appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.


Жаңалықтар
