Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов анимациялық студияларға салық жеңілдігін беруді ұсынды. — Қазақша мультфильмдер аз — ал салық көп. Бүгінде балалардың көбі басқа тілдегі TikTok пен Netflix ғана көреді. Мемлекеттік тілде контент аз. Неге? Біздің анимациялық студиялар әр кадр үшін ҚҚС төлейді. Қазақша мультфильм шығару — қымбат. Оңтүстік Корея, Польша, Франция — өз анимациясын қорғайды. Бізге де сол қажет, — деді ол палатаның жалпы отырысында. Сондай-ақ, казиноларға салықты аямай көтеру керектігін айтты. — Казиноларға салықты батыл көтерейік! Мұнда ешқандай дау жоқ. 20%, 30%, 50% — көтеруге болады. Өйткені әрбір ұтылған ставка — бір отбасының үміті. Бұл — бизнес емес. Бұл — […]The post Асхат Аймағамбетов: Смартфон кітаптан арзан болмауы керек appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.
Жаңалықтар





































