Бас прокуратура балаларды тасымалдау саласында көптеген заң бұзушылықтарды анықтады деп хабарлады turkystan.kz. Кей өңірлерде оқушыларды тасымалдауға бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған және балалармен жұмыс істеуге құқығы жоқ адамдар жіберілген. «Кейбір автобустар рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден, ал жүргізушілер медициналық куәландырудан өтпеген. Жалпы, автобус паркінің жай-күйі, олардың материалдық-техникалық жабдықталуы (өрт сөндіргіштердің, қауіпсіздік белдіктерінің, жарқылдауық маяктардың, «Балаларды тасымалдау» тақтайшаларының болмауы) …