Қарағанды тұрғындары арасында маньяк туралы хабарлама тарап, жұртты дүрлігіп жатыр. Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде бір-біріне бұл ақпаратты жолдап жатқан халық қатты алаңдаулы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Хабарламада белгісіз жас әрі келбетті ер адамның қыз-келіншектерді алдап, сеніміне кіріп, шабуыл жасайтыны айтылған. Ол кейбіріне сөмкесін көтерісіп жіберуді ұсынса, енді бірін аңдып жүріп шабуылдайды екен. «Бұл маньяк – жас әрі сымбатты жігіт. Сенімге кіреді. Жаяу жүрмеңіздер», – делінген бір хабарламада. Тағы бір деректе оның студент қызды өлтіріп үлгергені, сондықтан қалада полицияның күшейтілген патрулі жүріп жатқаны жазылған. Алайда бұл ақпаратқа Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап беріп, мұның жалған екенін мәлімдеді. […]The post Қарағанды тұрғындары арасында «маньяк» туралы хабарлама тарап, жұртты дүрліктірді appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.

Қарағанды тұрғындары арасында «маньяк» туралы хабарлама тарап, жұртты дүрліктірді
Жаңалықтар






































