28 наурыз сағат 03:42-де Қазақстанның бірнеше аймағында жер сілкінді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Сейсмикалық станциялар желісі 28 наурызда сағат 03:42-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан. Ол бірнеше аймақта сезіліпті: Меркі – 5 балл; Құлан – 4 балл; Шу – 2 балл; Төле би – 2 балл; Сарыкемер – 2 балл; Тараз қаласы – 2 балл; Қордай – 2 балл; Аса – 2 балл; Мойынқұм – 2 балл; Қирандылар, дүмпуден зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Барлық қалыпты жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдайлар министрлігінің басқару орталығында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды. Төтенше […]The post Қазақстанда бес баллдық жер сілкінісі болды appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.



Жаңалықтар

