Түркістан облысы Келес ауданында сегізінші сыныптың оқушысы жүкті болып қалған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 14 жастағы қыздың құрсағында сәбиі бар екенін білген анасы полицияға шағымданыпты. Қазір кәмелет жасына толмаған жеткіншекті зорлады деген күдікпен 37 жастағы азамат ұсталды. Ол жәбірленушінің көршісінің үйіне келіп жүрген адам екен. Анасы сегізінші сыныпта оқитын қызының іші шығып кеткенін байқап, ауруханаға жетектеп апарғанын айтады. “Іші өсіп жатты. Қатты семірді. Тексеруге апарсам жүкті деді. Содан білдім. Зорлық-зомбылық қылған. Зорлаған. Жаңағы Азат деген. Мама зорлады сіз жоқ кезде деп. Қорқытқан ғой қатты. Өлтіремін айтатын болсаң деп”, – дейді жәбірленушінің анасы Айнұр. Ең сорақысы, кәмелет жасына […]The post Күдікті 37 жаста: Түркістан облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалған appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.

