Атырау облысында Жылыой ауданының тұрғыны бұрынғы әйелін жұмыс орнында пышақтап, өлтіріп кетті. Күдікті қамауға алынды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын растады. Оқиға кеше, 27 наурызда түс қайта болған. — Құлсары қаласындағы адам өлтіру дерегіне байланысты кешенді тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасаған 33 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Кейбір дерекке қарағанда, күдікті Шоқпартоғай ауылында тұрған. Оның бұрынғы әйелі аудандық емханада жұмыс істеген. Күдікті емханаға келіп, бұрынғы әйелін пышақтаған. Ер адам қашып кетуге оқталған. Еске сала кетелік, бұған дейін […]The post Құлсарыда бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтірген күдікті ұсталды appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.

