Енді салықшылар мейрамханалар мен фитнес-клубтарды тексергелі жатыр. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, элиталы мейрамханалар мен жаттығу залдары бақылауға алынады. Өйткені олар нақты табысын жасырып, салықты айналып өтудің айласын жасауы мүмкін дейді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. Қымбат ресторандар мен элиталы фитнес-клубтардың тапқан табысы мен төлеген салығының есебі енді мұқият қаралады. Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан бойынша бұл саладағы кәсіпкердің бірін қалдырмай тексермек. Ал Алматыдағы бизнесмендер, соның ішінде фитнес-клубтардың иелері бұған қарсы. “Мемлекет әдеттегідей халыққа қажет кәсіптерге қолдау көрсетудің орнына қыспаққа алып жатыр. Фитнес-клубтар адамдардың салауатты өмір салтын ұстануына көмектеседі. Бірақ бізді табысты шалқыған миллиардер көреді. Тексерісті негізсіз деп […]The post Мемлекеттік кірістер комитеті енді мейрамханалар мен фитнес-клубтарды тексермек appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.

Мемлекеттік кірістер комитеті енді мейрамханалар мен фитнес-клубтарды тексермек
Жаңалықтар






































