Пхукет провинциясындағы Майтон аралының жанындағы жағалауда туристер мінген қайық жарылып кетті. Оның бортында қазақстандық демалушылар да болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bangkok post порталына сілтеме жасап хабарлайды. Пхукет аймақтық порт кеңсесінің директоры Начапонг Пранидтің айтуынша, жарылыстың себебі қозғалтқыштағы ақау болған. Жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00 шамасында қайық өртеніп, кейін жарылды. Деректерге сүйенсек, бортта тек үш экипаж мүшесі: капитан, инженер және бір экипаж қызметкері болған. Үшеуі де жарылыс қалдықтарынан күйік пен жарақат алды. Сондай-ақ, үш турист пен гид жалынның ұшқындарынан зардап шекті. Жарақат алғандардың барлығы жергілікті ауруханаға жеткізілді. Khaosod English порталының мәліметінше, қайық қазақстандық және ресейлік туристерді тасымалдаған. Кеменің бортында барлығы 37 адам, оның ішінде Ресей […]The post Таиландта қазақстандық туристер мінген катер жағалауда жарылып кетті appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.