19 тамыздағы ауа райына байланысты Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктердің болжамынша, Ақмола облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында …