Америкалық жазушы Эшли Ланина On a train in Kazakhstan (Қазақстанды пойызбен шарлағанда) кітабын жазуға қазақ мәдениеті түрткі болғанын айтады. Атырауда алты жыл тұрған ол қазақ мәдениетінің ерекшелігіне таң-тамаша болып, өзіне қызық көрінген құбылыстар мен бұйымдардың суретін салып, қағазға түртіп алған. Сол жазбалары бүгінде Гүлмира есімді қазақ қызының шытырман оқиғалары баяндалған кітап болып басылып, Amazon-да сатылымға …