Арайлым Қалдарбек биіктігі бір-бірінен асып, көкке шаншылған ғимараттар иін тірескен Нью-Йорк қаласында жұмыс істейді. Ондағы еңселі ғимараттардың қатарын көбейтумен айналысатын компанияда жұмыс істейтін ол архитекторлар мен инженерлерге консультация береді. Олардың сызған сызбасын тексеріп, жоба әзірлеушілерге құрылысты бастауға қажет құжаттарын реттестіруге көмектеседі. Ол Нью-Йорктегі жауапты бұл жұмысқа тұруға Қазақстанда алған білімі, жиған тәжірибесі септігін тигізгенін айтады. …