Қазақстандық БАҚ екі апта бұрын Моңғолияда тұратын қос қандасымыз Базар Әшімұлы мен Аягүл Тілейханқызы моңғолиялық Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енгенін жарыса жазған еді. «30 жасқа дейінгі ең перспективалы 30 азаматтың» тізіміне енген екеудің бұл жетістігін елдегілер қуана қабылдап, әлеуметтік желілерде қолдау білдірді. «Хэруга партнерс» компаниясының негізін қалаған адвокат Базар Әшімұлы атажұрттағы қалың бұқараның белсенді …