Ол Гарвардта білім алған вундеркинд еді. 30-дан асқанда бәрінен бас тартып, орманда елден жырақта өмір сүрді және террористік жолға түсті. Теодор Качинский 81 жасында Солтүстік Каролина түрмесінде қайтыс болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.