Бүгін Елордада өтіп жатқан «Әйелдер қанаты: Табысты жыл қорытындысы – ұлттық идеядан жаһандық ынтымаққа» форумында Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов сөз сөйлеп, «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының бір жылы табысты болғанын айтты.