Жаңа оқу жылына санаулы күндер қалды. Бұл кезде ата-ана баласының киім-кешек, керек-жарағын түгендеп, алашапқын болса, білім саласына жауаптыларға мектеп құрылысы, балалар қауіпсіздігі, тамақтануы мен қатынауы бас ауруға айналатыны анық.