Алматы облысы Іле ауданында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында әрқайсысы 72 пәтерден тұратын екі жаңа көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Өтеген батыр ауылында орналасқан бұл тұрғын үйлер әлеуметтік жағдайы осал санаттағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге арналды.