Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш құрылған күннен бастап қоғам өмірінің барлық салалары үшін білікті мамандар мен жаңа формациядағы педагог кадрларын даярлауда еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің көшін бастап келеді. Білім ордасы ғасырға жуық тарихында жоғары және жоғары оқу орнына дейінгі білім беру саласындағы ең ірі бірден-бір ғылыми және педагогикалық білім беру орталығы ретінде қалыптасты.