Абыз хакімнің қайтыс болғанына 120 жыл толуымен орайласқан көп жылдық тынымсыз еңбектің мәуелі һәм игілікті жемісіндей, қазақ топырағындағы қайран қалдырған қапысыз өнер жаңалығы - осынау моноопераның өмірге келуі, оның түрлену, кемелдену баспалдақтары хақында өміршең де өзекті шығарманың авторы әрі орындаушысы Шахимардан Әбілов әңгімелеп берді.