Қазақстандықтар небәрі бірнеше минут ішінде онлайн форматта партияға жүгіну, бастама ұсыну, қандай да бір мәселе туралы хабарлау немесе партия қатарына қосылу мүмкіндігіне ие. Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Әділет» партиясы өтінім қабылдаудың бірыңғай цифрлық сервисін іске қосты. Бұл туралы Партия Төрағасы Айбек Дәдебай тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселесіне арналған Іскерлік кеңес алаңында мәлімдеді.
Жаңалықтар