Жаңа жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру пакеті едәуір кеңейеді. Оған қант диабеті, балалар церебральды сал ауруы (ДЦП), ревматизм секілді тағы да басқа созылмалы аурулар енгізіледі. Енді бұл санаттағы науқастар дәрігер консультацияларын, қажетті дәрі-дәрмектерді және ем шараларын толық көлемде міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде ала алады.