Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыру тапсырмасын орындау, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында брифинг өткізді.