Еңбек бейнет емес, зейнет. Мұқанов-Жайғалиевтер әулеті Ақтөбе ферроқорытпа зауытының тарихымен біте қайнасып келе жатыр. Жалпы еңбек өтілі 100 жылдан асатын еңбек династиясының негізін қалаған, бүгінде ферроқорытпа зауытының лайықты қызметкері – Көбей Мұқанов Жайғалиұлы ұрпақтар сабақтастығын сақтаған адам. Бір атаның алты ұрпағы өндіріс саласын таңдап, қызметтерін атакәсіпке айналдырған.
Жаңалықтар