Біләл Сүлеевтің туғанына биыл 130 жыл толады. Өкінішке қарай, жаппай қуғын-сүргіннің нағыз қызған шағы 1937 жылы өзімен замандас басқа да қазақ зиялыларымен бірге жазықсыз жазалаудың құрбаны болған тарихи тұлғаны Жетісу жерінде іздеу-сұрау салып жатқан, елі мен жерінің ертеңі үшін еңіреп өткен азаматтың атын әспеттейік, 130 жылдығын жұрт жадында қалатындай қылып атап өтейік дейтіндер қатары сирек болып тұр.