Қолөнер – қазақ халқының жаны, ұлттың ұлы мұрасы. Бабадан балаға жетіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан осы өнер түрі халықтың дүниетанымы мен рухани болмысының айнасы іспетті. Сондықтан оған шебердің қолынан шыққан бұйым деп қана емес, ғасырлар қойнауынан сыр шерткен шежіре, тағылымды тарихтың бір парасы деп қарағанымыз жөн.
Жаңалықтар