Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының қарқыны мен өңірлердегі азық-түлік қорларының сақталу мәселелері талқыланды. Қазіргі статистика әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының екі апта қатарынан төмендегенін көрсетті.