Қазақ әдебиетінде өзіне лайық орнын ойып алған Асқар Алтай шығармашылығы көзі қарақты, ойлы оқырманның көз алдында. Жазушының қай шығармасын алсақ та, Алтайдың өткен тарихын, бүгінгі кескін-келбетін, бітім-болмысын, яғни шежіресін толғайды. Алтайдың Марқакөл, Қатонқарағай, Күршім өңірлерін жақсы білетіні көрініп тұр.