23 желтоқсан күні «AMANAT» партиясының мүшелері, атап айтқанда, партияның Павлодар облыстық филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Айнұр Мұхамедиярова, облыстық мәслихат депутаттары және «AMANAT» фракциясының мүшелері Асылбек Туғанбай мен Света Абдраманова «Алтын Сақа» инновациялық шығармашылық орталығында болды. Бұл бірегей орталық бұған дейін қосымша білім беру мекемелері болмаған Екінші Павлодар шағынауданында ашылған.