Руханият әлемін өнерсіз елестету мүмкін емес. Оның ішінде мәдениеттің мәйегі болған театрдың орны бір төбе. Ол бүгінгінің де, кешегінің де кең құлашты тарихын уақыттың тар шеңберінде алақандай кеңістікте көрсетіп қана қоймай, көрерменге түрлі эмоцияны тікелей сезіндіру үшін ерен еңбекті талап ететін өнер ордасы.